Іздестіру формасы

Комитет төрағасы

Дата размещения: 26.08.2017
Дата последнего обновления: 05.12.2017

ОҢҒАРБАЕВ ЕРКІН ӘНУАРҰЛЫ

Дін істері комитетінің төрағасы

       Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылдың 30 қарашасындағы № 271-ж бұйрығымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігі Дін істері Комитеті төрағасы болып тағайындалды.

1961 жылы туған. 1984 жылы КСРО ІІМ-нің Қарағанды Жоғары мектебін,  1990 жылы – КСРО ІІМ-нің Мәскеу Жоғары мектебін үздік тәмамдаған.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының құрметті мүшесі.

• 1984 жылдан бастап 1996 жылға дейін – комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды Жоғары мектебін оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, бөлім бастығы.

• 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің аса маңызды тапсырмалар бойынша аға инспекторы.

• 1997 жылдан бастап 1999 жылға дейін – Қарағанды Жоғары мектебі бастығының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары.

• 1999 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орындарының басқарма бастығы.

• 2000 жылдан бастап 2003 жылға дейін – Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.

• 2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, вице-президенті.

• 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.

• 2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін – «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің» басқарушы директоры - басқарма мүшесі.

• 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін – «Астана» университетінің ректоры.

• 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры.

• 2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының жанындағы Құқыққорғау органдары академиясының бірінші проректоры.

• 2017 жылдың шілде – қараша аралығында – Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрілігі Дін істері Комитеті төрағасының орынбасары.

«Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен (2011); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2007), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015) мерейтой медальдарымен, «Астана» естелік медалімен (2006); «Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен, және т.б. марапатталған.