Іздестіру формасы

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесу өтті

Дата размещения: 29.11.2017 - 21:17
Дата последнего обновления: 30.11.2017 - 9:32
АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесу өтті

29 қарашада Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Еркін Оңғарбаевтың және АҚШ Мемлекеттік департаменті Демократия, адам құқықтары мен еңбек бюросы Оңтүстік-Шығыс Азия кеңсесінің директоры Майкл Келлер, АҚШ Мемлекеттік департаменті Демократия, адам құқықтары мен еңбек бюросы Оңтүстік-Шығыс Азия кеңсесінің қызметкері Джессика Роджерс, сондай-ақ Алматы қаласындағы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің дипломаты Тим О'Коннордың кездесуі өтті. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты: ҚР СІМ-де ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев, және ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Азамат Аят.

Кездесу барысында тараптар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстандағы діни ахуалмен таныстырып, Е. Оңғарбаев «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының және Қазақстандағы діни конфессияларының өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломаттарға арналған брифингі жөнінде баяндап берді.

Осы ретте төраға орынбасары, Қазақстанның зайырлы қағидаттарды ұстануға және демократияны дамытуға деген ұмтылысы бар екендігін жеткізді.

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі, өз кезегінде, әйелдердің құқықтары мен мемлекеттің саяси өміріне қатысуы жалғаса түсетіндігіне сенім артып, бұл үрдіске оң баға берді.

Американдық тарап АҚШ Мемлекеттік Департаментінің дін бостандығы туралы баяндама дайындап жатқандығын хабардар етті және баяндаманы дайындауға көмектескені үшін Қазақстандық жаққа алғысын білдірді.

Жалпы алғанда, кездесу конструктивті сұхбат түрінде өтіп, америкалық тарап сұрақтарына толыққанды жауап алды. Сондай-ақ, кездесу Қазақстан мен АҚШ арасындағы дін саласындағы диалогты нығайта түсті.