Іздестіру формасы

Қазақстан Республикасындағы Орыс Православ Шіркеуінің Митрополия аймағының Синод отырысы өтті

Дата размещения: 13.11.2017
Дата последнего обновления: 14.11.2017
Қазақстан Республикасындағы Орыс Православ Шіркеуінің Митрополия аймағының Синод отырысы өтті

13 қарашада Қасиетті Кирилл мен Мефодий атындағы Рухани-мәдени орталық ғимаратында Қазақстан Республикасындағы Орыс Православ Шіркеуінің Митрополия аймағының Синод отырысы өтті. Синод отырысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев құттықтау сөз сөйледі.

Министр Православие Шіркеуі дінаралық диалогты нығайту және алға жылжытуда жігерлі түрде қатысатынын, түрлі деңгейдегі форумдар мен конференцияларға, дөңгелек үстелдерге белсенді жұмыс жасайтың, оның ішінде жалпыға ортақ әлемдік диалог алаңында - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің тұрақты қатысушысы екендігін атап өтті.

Іс-шара барысында Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Еркін Оңғарбаев баяндама жасады.

Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Қорытындылай келе Е. Оңғарбаев діни қызмет саласындағы заңнамалық актілерге дайындалған түзетулердің маңыздылығын және атап өтті, бұл мемлекеттің зайырлы принциптерін нығайтуға, сондай-ақ ел халқының әл-ауқатын нығайтуға негіз болады.

Жалпы іс-шара дер кезінде жасалғанын сындарлы және нәтижелі өтті.