Іздестіру формасы

Комитет басшылары Сыртқы істер министрінің алғыс хатымен марапатталды

Дата размещения: 28.12.2017
Дата последнего обновления: 29.12.2017
Комитет басшылары Сыртқы істер министрінің  алғыс хатымен марапатталды

Жаңа 2018-жылдың қарсаңында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев және Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындық жұмыстары мен оның жоғары деңгейде өтуіне жәрдем көрсеткен азаматтық белсенділігі үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов атынан алғыс хаттарымен марапатталды.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 маусымы – 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өткен көрмеге әлемнің 115 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйымы қатысқан болатын. Бұл іс-шара озық идеялар мен технологиялардың дамуына жаңа серпін берді.