Іздестіру формасы

Нұрлан Ермекбаев ҚР Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстады

Дата размещения: 15.12.2017
Дата последнего обновления: 15.12.2017
Нұрлан Ермекбаев ҚР Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік  күніне  арналған салтанатты жиын  өтті.

Іс-шараға министрліктің басшылары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері және қызметкерлері, діни және үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.


 

 Жиын барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  Министр жиналғандарға елдің игілігі жолында атқарататын істеріне жаңа табыстар тіледі. Жиын барысында мемлекеттік және ведомствалық наградарлармен марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен Ержан Маямеров және Нұр-Мүбәрәк университетінің проректоры  Шамшәдин Тұрсынұлы Керім марапатталды.  «Шапағат»  медалімен  Қазақстан Республикасының Бас раввині Ешай Коген марапатталды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Василий Порубаймехке, Дін істері жөніндегі комитеттің басқарма басшылары Бауыржан Бәкіров пен Светлана Иртазинаға және  «Жастар Үні» қоғамдық бірлестігі мен «Болашақ» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы Дәурен Бабамұратовқа табысталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен министрлік қызметкерлері Арман Садуақасов және Жанаргүл Әлжанова, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Садуақасова марапатталды.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында министрліктің бірқатар қызметкерлеріне ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министірінің  «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаты» табысталды.