Іздестіру формасы

Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Дата размещения: 15.12.2017
Дата последнего обновления: 20.12.2017
Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкеновтің төрағалығымен Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің отырысына мемлекеттік орган өкілдері мен республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сонымен қатар сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Қазақстан-2020: болашаққа бастар жол» 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру бойынша жаңартылған іс-шаралар жоспары шеңберінде жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Лира Раисова қазақ әліпбиін латын графикасына  көшіру және «Мен қазақстандық өнім үшін» жастар республикалық акциясын өткізу туралы бастаманы қолдау мақсатында ұйымдастырылған республикалық диктанттың орындалу барысы туралы баяндады.

 Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Әдістемелік қамтамасыз ету  және халықаралық ынтымақтастық  басқармасының  бас сарапшысы Ақмарал Бозшаева жастар саясатын жүзеге асыруда  орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалаудың мақсатты көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынды.

   Қазақстанның жастар конгресінің директоры Айдын Сабитов жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру Кеңесі отырысының 2017 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2018 жылға арналған іс-шаралары талқыланды.  

Іс-шара соңында вице-министр А.Нүкенов Үйлестіру кеңесі жұмысының кейбір аспектілеріне тоқталды және қатысушыларды алдағы мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.